Түркия астанасында 26 қабатты үй өртенді: Қаза тапқандар бар

Фото: Видеодан скрин
Түркия астанасы Анкарада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үш адам, оның ішінде үш айлық сәби ажал құшты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен төрт сағат бойы алысты.
“Анкара қаласының Чанкая ауданындағы 26 қабатты ғимараттан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттен үш адам, оның ішінде 3,5 айлық сәби қаза тапты. Телеарнаның мәліметінше, өрт шамамен төрт сағаттан кейін ауыздықталды”, – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің дерегінше, 39 адам оның ішінде жеті өрт сөндіруші, түтіннен уланған.

Фото: Cumhuriyet.com
Қатты түтінге байланысты тұрғындарға уақытша ғимаратқа кіруге тыйым салынды. Өрт сөндірушілер түтінді шығару жұмыстарын бастады.
Оқиға бойынша өрттің шығу себебін анықтау үшін прокуратура тергеу бастады.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті