Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары ұсталды

ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысы полициясы бастығының орынбасары (қазіргі кезде бұрынғы) ұсталғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
2025 жылдың 29 тамызындағы ішкі істер министрінің бұйрығымен полицей қызметтен "теріс себептер бойынша" босатылған.
ІІМ-нің ресми хабарламасында күдіктіге нақты қандай әрекет тағылып отырғаны көрсетілмеген. Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғаны да, істің мән-жайы да әзірге жария етілмей отыр. Тек "құқыққа қайшы іс-әрекеттер" туралы айтылған.
"Біз принципті ұстанымдамыз: заң мен антты сатқан адамдар сөзсіз анықталып, жауапқа тартылады", – деді министрлікте.
Құқық қорғау органдары күдіктінің есімін атамады. Алайда БАҚ пен әлеуметтік желілерде әңгіме, болжам бойынша, Жайдарбек Құттыбаев туралы екені жазылды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”