Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында депутат екі полиция қызметкерін соққыға жыққан

Желіде Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видео “Президентке хат” Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан азаматтық киім киген ер адамның қызметтік киімдегі екі полиция қызметкерін соққығы жығып, балағаттап жатқанын көруге болады. 

“Жамбыл облысы, Меркі аудандық мәслихатының депутаты Алтынбаев Тәуіржан Тараз қалалық полиция басқармасының кезекшілікте жүрген екі қызметкерін соққыға жыққан. Депутаттың ықпалды байланыстарының кесірінен қылмыстық істі бір жыл бойы сотқа жіберу мүмкін болмағаны хабарланды”, – делінген видеоның сипаттамасында. 


Таразда көрсеткіштерін төмендетпеу үшін полиция қызметкерлері ауыр қылмыстарды жасырып келген


Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын растады.

"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысты. Қылмыстық іс құқықтық баға беру және одан әрі сотқа жолдау үшін айыптау қорытындысымен Тараз қаласының прокурорына жолданды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында ер адамның полиция қызметкерлерін “отжимание” жасауға мәжбүрлегені туралы жазған едік. 

Талқылау