Жамбыл облысында баланы ұрып тастаған тәрбиеші жұмысына қайта оралды
Жамбыл облысы Шақпақ-Ата ауылында бес жасар баланы ұрғаны үшін жұмыстан шығарылған тәрбиеші жұмысына оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел балабақша директорының демалыста болғанын пайдаланып, директор міндетін атқарушыны өзін жұмысқа қайта алуға көндірген.
"Тәрбиешілер балаларды ұра берсе бола ма сонда? Оны жұмыстан шығарыңыз", – деп талап етті Шақпақ-Ата ауылының тұрғыны Гүлбахар Кесембаева.
"Ол бір баланы ұрды, басқа балаларды да ұрмайтынына кім кепіл?”, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі Қалдыбек Қуанышбеков.
Бұл жағдайға балабақша директоры да ашулы. Ол өзінің беделіне нұқсан келді деп есептейді. Директор тіпті орынбасарын жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған. Алайда мәселені аудандық білім басқармасы бақылауға алу керек.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жуалы ауданында арнайы комиссия құру туралы шешім қабылданды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"