Жамбыл облысында әйел пойыздың есігінен жерге құлап кетті
Жамбыл облысында пойызбен болған төтенше жағдай белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел пойыздың есігінен құлап кеткен.

Zakon.kz басылымының мәліметінше, куәгерлер фотосуреттер мен әйелдің пойыздан құлап кеткені туралы хабарлама жіберген.
Сурет авторының айтуынша, жәбірленуші жолсерік болып жұмыс істейді. Айтуынша, пойыздың ашық есігінде темекі шегіп тұрған әйел сыртқа құлап кеткен.

Компания мәліметінше, оқиға Түрксіб-Астана пойызында болды.
«Түрксіб-Астана» ЖШС оқиға Шығанақ-Мынарал өткелінде болғанын хабарлады. Қызметтік тергеу басталды.
Оқиға туралы әлі толық ақпарат жоқ.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған