Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш денесін жастықпен жапқан Дина Төлепберген сынның астында қалды

Тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген көппен бірге челлендж жасаймын деп сынның астында қалды. Тележүргізуші желіде сынға қалған Алматы полициясы басшысының орынбасары Берік Әбілбековке осылайша қолдау білдірді.

Жалаңаш денесін жастықпен жапқан Дина Төлепберген сынның астында қалды

Бұған дейін Берік Әбілбеков желіде сәнге айналған челленджді жасаймын деп абыройына сын келтірген еді. Алайда оның әрекеті қылмыс емес деп ақтағандар да бар. Солардың бірі танымал PR маманы, блогер - Әлішер Елікбаев, блогер Данияр Еникеев

Екі блогер дәл осы челленджді қайталап, суретін жүктеді. 

Енді олардың қатарына Дина Төлепберген қосылды. 

"Мен де осындай суретке түсіп, күйеуіе жолдадым. Бір күліп алдық. Таңертең тұрсам, сурет желіні шарлап кетіпті. Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары да осындай жайтты бастан өткерді. Оның суретін әлдекімнің әдейі жібергені белгілі. Фотодан байқағанымыз, кәдімгі жатын бөлме. Полиция басшысы халықтың ақшасына бөлмесін алтынмен жалатпағаны көрініп тұр. Қорапта балалардың ойыншығы. Соған қарағанда ол да біреудің әкесі. Суреттен ешқандай сорақылықты көріп тұрған жоқпын. Сондықтан әдейі қолдау көрсету үшін түстім. Ол менің танысым да, досым да емес", - деп жазды Дина Төлепберген парақшасында

Алада елге сыйлы тележүргізуші осы әрекетімен көпшіліктің сынына қалды. 

"Жаным-ау, мен сені жөні түзу журналист деп жүрсем. Расында, полицей де адам ғой. Үйде, жатын бөлмесінде формасымен жүрмейді ғой", "Дина ханым, ренжімеңіз сіздің өзіңізге де жасынызға да сай емес екен", "Түсіп қажеті жоқ еді, ел сыйлайтын журналиссіз ғой", "Ерсі көрінеді негізі. Адамдарға не болған ұл-қыздарың бар шығар. Тәрбие қазір не болып кетті жарысып, не болса соған қызығып", - деді желідегілер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр