Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жақында кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады
WhatsApp бағдарламасы жақында кейбір телефондарда жұмыс істеуін тоқтататын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Хабарламаға сүйенсек, Nokia S40 операциялық жүйесі бар телефон иелері 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кейін WhatsApp арқылы хабар алмасу қызметін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.
Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан кейін осы өзгерістер Android 2.3.7 және одан ескі нұсқадағы телефон моделіне, сонымен қатар iOS 7 және одан да ескі нұсқаларына әсер етеді.
Айта кету керек, компания осы операциялық жүйелердің дамуымен айналыспағандықтан, кейбір функциялар кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген