Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарылып кеттім": Ғазизхан Шекербеков өзімен суретке түспек болған әйелді балағаттап жіберген

Төреғали Төреәлі осыдан 5 жыл бұрын Павлодарда өзіне дауыс көтерген қарияны концертінен қуып шықты. Ал Роза Рымбаева биыл Наурыз думанында өзімен суретке түспек болған жас жігітті итеріп жіберді. Қос әнші де халықтың сынына ұшырады. Әйткенмен, көрермен де мәдениет пен әдеп талаптарын сақтай бермейді. Мұндай жағдайды Ғазизхан Шекербеков те бастан өткерді. Тек оның хикаясы оқиға орнында қалып, дауға айналмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike жобасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Көрермен жұлқылаған кезде шаршатады. Бір кісілер бар: "Сәлеметсіз бе, сіздің әндеріңізді тыңдаймын. Суретке түссек бола ма?" - деп сұрайды. Ондай адамның жанында өзің де қуана тұрасың. 
Бір тойда Төреғалиді түсіндім. Оның ашуының шегіне жеткізген", - дейді Ғазизхан.

Әнші тойлардың бірінде өзін жұлқылап, одан қалса бас киімін шешіп алған әйелді балағаттап жіберген.  

"Тойға бардық. Думан әлі басталмаған, мен сыртта баннердің қасында кезегімді күтіп тұрдым. Қасымыздан екі әйел өтіп: "Ойбай, мынау кім?" - деді. Шляпа киіп алып тұрғанмын, соған қарап айтқаны шығар. Біртүрлі болып қаласың. Ондай жандар есіңде қалып кетеді ғой. 



Сосын кіріп, әнімді айтып тұрмын. Сахнада біреулер артқа тартады. Алдыңғы жақтан суретке түсіп жатқандар бар. Өзім жанды дауыста айтып, әнді ести алмай жатырмын. Артымда тұрғандар кібір-кібір сөйлеп жатыр. Тоқтатып қойып, ұрыспайсың ғой. Артыма қарап қалсам, жаңағы "мынау кім" деген кісі тартып жүр. Танымайтын болса, неге тартады деп ойлайсың. 

Бір кезде мейлі сол кісіге қарай салайыншы деп едім. Бір қолында телефон болса, екінші қолымен менің шляпамды алып кие салды. Ал менің шашым ішінде айқайлап тұрған. Сол кезде жарылып кеттім. Нервтен жағым қарысып қалды. Аузымнан не боқтық сөз шыққаны есімде жоқ, бірақ кәдімгідей жарылып кеттім. Әйел адам, еркек емес, жағынан ұра алмайсың. Ананы алғаннан кейін барып есімді жинадым. 2 секундқа беріліп қойдым", - дейді өнер иесі.

Әнші тойдан шыққан соң "енді басым дауға қалады" деп уайымдаған. Алайда оқиға сол жерде қалған. 

"Содан кейін ондай жағдайларда өзімді ұстайтын болдым",-  деп бөлісті Шекербеков.  
 

Талқылау