Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліме қол көтермек болдым": Ғазизхан отау құрған кездегі қиындықтары жайлы айтты

Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін Ғазизхан Шекербеков елді таңғалдырарлық мәлімдеме жасады. Әнші жұбайымен алғаш үйленген кезі, онымен арада болған түсініспеушіліктер мен өкініші жайлы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike жобасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші жұбайымен отау құрған сәтте оны жақсы танымағанын айтады. Үйленген соң, өкінген кездері де жоқ емес. Алайда үлкендердің дұрыс бағыт-бағдар көрсетуімен әнші уақыт өте келе ес жинаған. 

"Тағдыр солай жазған, сол қыз маңдайыма жазылған екен. Қазір өкініш жоқ. Басында шатастым ба деп ойлайтынмын. Өйткені біз үйленгеннен кейін таныса бастадық, қыр-сырын біле бастадық. Таза мінезіміз шыға бастады. 

Екеуміз түсінісе алмай қалған кездерде сондай ой болды. Ақылға салып, қасымызда дұрыс адамдар кездесіп, дұрыс ақыл айтып, кейін барып қайтадан танысып, дұрыстап сөйлесіп, бір-бірімізге ұнамайтын қырларымызды айтқаннан кейін, жайлап түсінісе бастадық", –  дейді Шекербеков.



"Шаншар" әзіл-ысқақ театрының танымал актері, жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов бір монологында шымкенттік жігіттердің бәрі дерлік әйеліне қол көтеретінін айтқан. Ал жұбайын түсіне алмаған Ғазизхан оны ұрған ба? Бұл сауалға біраз кідіріп қалған әнші былай деп жауап берді:

"Басында қол көтермекші болған кездер болды. Еркек деген осындай болу керек екен деп әлі еркектің образын таппай жүргенде сондай ой болды.

Біздің бала кезімізде ағаларымыз қандай болды? Соған қарап, дұрыс екен деп ойладық қой. Ағаларымыз әйелдерін балағаттап, “әй, осы дұрыс” деп жүрсе, "о, ағамыз әйеліне берілмейді" деп ойлап қалдық".
 

Талқылау