Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдайды сәтті пайдаланды: Қазақстан Ресейдің орнын басып, Еуроодақ елдеріне көмір жеткізуді ұлғайтты

Ресейлік көмірге салынған эмбарго күшіне енгенге дейін Еуропа елдері оны алмастыратын балама отын жеткізушілерін жылдам іздеуге кірісті. Осы сәтте Қазақстан жағдайды сәтті пайдалана бастады - қаңтар-мамыр айларында ол Еуропалық Одаққа 2021 жылға қарағанда екі есе көмір көлемін жеткізді, деп жазады "Коммерсант". Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Eurostat мәліметінше, Ресей әскері Украинаға кіргеннен кейін қазақстандық жеткізушілер Еуропаға 300-400 мың тонна көмір жөнелтсе, бір жыл бұрын сәуір-мамыр айларында бұл бағыттағы экспорт небәрі 60-70 мың тоннаны құраған.

Мамыр айында еуропалық компаниялар ресейлік көмірді сатып алуды күрт арттырды. Олардың басты мақсаты тамыз айында күшіне енетін тыйымға дейін жанармай қорын жинауға тырысу болды. Осылайша маусым айында Ресейден келетін жанармайға қызығушылық төмендей бастады.



Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан Ресейдің қарсылығына тап болмаса, Еуроодақ елдеріне көмір сатуды ұлғайта беруі мүмкін. Отын Еуропаға Ресей немесе Балтық жағалауы елдерінің порттарында ауыстырып тиеу арқылы жөнелтіледі, ал соңғы бағыт ресейлік теміржол желісін пайдалануды да қамтиды.

Жалпы, Еуропа үшін Ресейден келетін көмірді ауыстыру үлкен мәселеге айналады, бірақ оның да шешімі бар. Индонезия, Австралия, Оңтүстік Африка, Колумбия, Танзания және Нигерия елдері жеткізілімдерді арттыра алады. Егер Қазақстан Ресей арқылы транзитпен өтуде қиындықтарға тап болса, оны Каспий теңізіндегі Ақтау порты арқылы, одан кейін Әзірбайжан мен Грузия арқылы Қара теңізге жеткізуге бағыттай алады.

Талқылау