Петропавлда қоқыс полигонының маңында өрт шықты (видо)
Петропавл қаласында, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ар жағында, Шаховское ауылының маңында құрғақ өсімдіктер жанып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шарпыған аумақтың көлемі шамамен 6 гектарды құрайды.
"Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер бір учаскедегі жануды толық сөндірді. Қалған екі учаскеде өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 110 қызметкері мен 31 техникасы жұмылдырылған", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Сонымен қатар, теміржол кәсіпорнының өрт сөндіру пойызы қосымша тартылды.
Жағдай Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданында Ұзынағаш ауылынан шығар жолда жұмыс істеп тұрған қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында да өрт шыққан. Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Полигоның жекелеген учаскелерінде қалдықтардың жинақталу тереңдігі 3–5 метрге жетеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ошағы оқшауланды, оны сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
