ҰҚК Ақтау қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтау қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ақтау қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйін Құрмантаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.
Тараған ақпаратта жоғары лауазымды полиция қызметкері белгіленген тәртіпті айналып өтіп, 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде бергені айтылған.

ҰҚК баспасөз қызметі ақпартты растады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК Астананың бұрынғы көші-қон қызметінің басшысы Ербол Махметовті ұстаған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"