Артық тиелген жүк үшін 40 миллион теңге: ҰҚК Көлік министрлігінің шенеуніктерін ұстады
Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам ақша алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.
“Тамыз айында прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Олар рұқсат етілген салмақ нормасынан асып кеткен жүк тиелген көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге байланысты заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам материалдық сыйақы алған.
Соттың санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?