Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына төрт жаңа меңгеруші тағайындады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына төрт жаңа меңгеруші тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне Аида Балаеваны, ал Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы қызметіне Мұрат Баймұқашевті тағайындаған еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады