Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Бибісара турнир
Фото: instagram.com/fyersamericangambits

Қазақстан әйелдер құрамасының шахматтан көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

FYERS American Gambits командасының сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті.

Бибісара қарсыласын 4:0 есебімен түрде жеңді.

Осылайша, Бибісараның еншісінде екі жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар.

Тоғыз турдан кейін FYERS American Gambits командасы турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Global Chess League-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 миллион доллар, яғни 454 миллион теңге. Турнир Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, кеше Бибісара ресейлік Полина Шуваловамен кездесіп, алғашқы ойында алған жеңілісі үшін 3:0 есебімен реванш алды. Осылайша, турнирде алғаш рет жеңді.

Айым Болатқызы
Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026 08:24