Атырау облысында қолында күрегі бар әйел электр генераторының жанынан өлі табылды
Атырау облысында ауылдағы медициналық пункттің күзетшісі болған әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. 59 жастағы әйелге өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы шөпті шабу тапсырылған. Арада бірнеше сағат өткен соң, оны өлі күйінде тапқан. Ресми нұсқа бойынша, әйел миына қан құйылу салдарынан қайтыс болған. Алайда марқұмның туыстары өлімнің себебі әлдеқайда қорқынышты екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Афанасьева ауылында қолына күрек ұстаған күйі жан тапсырған Клара Кенжегалиеваны ұлы тауып алған.
"Мен мұнда жүгіріп келіп, анамның дәл осы жерде жатқанын көрдім. Қолында күрегі болды. Міне, осы жерде, осылай жатты. Күрек қолында болды", – деді марқұмның ұлы Әділбек Ғалымов.
Оның денесі электр генераторының маңынан табылған. Туыстарының айтуынша, әйел сол жерде басшылықтың тапсырмасы бойынша шөп шауып жүрген. Ал әйелдің ұлының болжамынша, анасын тоқ соққан.
"Жедел жәрдем қызметкерлері бәрін суретке түсірді. "Бұл бізге қажет болады, хаттамаға қосамыз" дегенді айттыг. Олар әйелді көтеріп, білектерін қарап шықты, содан кейін арқасын тексеру үшін оны аударып көрді. Арқасында күйік іздері бар екен. Демек, электр тоғы оның денесі арқылы өткен. Терісі жыртылып, қан тоқтамай жатты", – деді марқұмның ұлы.
Мәйітханадағы медицина қызметкерлері Кенжеғалиеваның миға қан құйылу салдарынан қайтыс болғаны туралы қорытынды берді. Алайда туыстары мұнымен келіспейді.

Бейнебақылау камералары қайғылы жағдайдың қалай болғанын анықтауға көмектесе алар еді, алайда олардың істен шыққаны белгілі болды. Ал медициналық пункт басшылығы күзетші әйелден қауіпті нысандардың маңындағы шөпті тазалауды ешкім сұрамағанын айтқан.
"Кеше мен де біз осындай тапсырма берген екенбіз дегенді естідім. Нақты біз ондай тапсырма берген жоқпыз. Алайда "Аумақты таза ұстаңыздар, шөпті тазалаңыздар" деген сөздер жазылған аудиожазбаны естідім. Ал жергілікті медбикеден қандай тапсырма бергенін сұрағанда, ол трансформатордың маңын тазалау туралы ешқандай тапсырма болмағанын айтты", – деп түсіндірді Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Саида Зулкашева.
Қазір марқұмның отбасы шындықты анықтап, кінәлілерді табуға тырысып жатыр. Олар прокуратураға жүгініп, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етті.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады