Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын екенін білдірді

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

евросоюз

Бүгін, 12 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Төраға Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті.

"Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді Тери Хакал.

Кездесу барысында Антикор басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау мәселелері де пысықталған.



"Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті", - делінген баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу бойынша өткен.

"Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасуда. Стамбул хаттамасының барлық талаптары сақталуда", - деді Бектенов.

Сонымен қатар агенттіктің Бас прокуратураның байланыс арналары арқылы қызығушылық танытқан халықаралық қауымдастыққа ақпарат беретіні айтылған.

Талқылау