AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын туыстарының емделуіне алуға рұқсат етіледі: БЖЗҚ қаражатын пайдаланудың жаңа қағидалары

Қазақстанда зейнетақы жинағындағы "артылған" қаражатты пайдалануға шешім қабылдаған азаматтар үшін мүмкіндіктер кеңейеді. Енді БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын жақын туыстарының еміне немесе өзінің шетелде емделуіне жарата алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнетақы аударымдарының жаңа ережесі қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер етеді

Түзетулер алынған медициналық қызметтер немесе препараттар үшін шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Бұл тізімге санаторий-курорттық емдеу, ЭКҰ, онкология және аутоиммундық ауруларды емдеу шығындары кірді.

Құжат бойынша біржолғы зейнетақы төлемін алушы шетелде емделуге ниеттенсе, уәкілетті оператордан шетел валютасында арнайы шот ашуы қажет. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы теңгемен алынатындықтан, ұлттық валютада тағы бір арнайы шот ашылады. 



Бұдан кейін дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде шетелдік ұйым көрсеткен медициналық қызметтің орындалғанын растайтын құжатты уәкілетті операторға ұсынады. Шетел валютасында арнайы шот осы кезде қажет. 

10 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, біржолғы төлемді аудару немесе аудармау туралы шешім шығарылады. Зейнетақы жинағын пайдаланушы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, ем алатын шетелдік ұйымды таңдайды.

Ұйыммен онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасып, төлем шотының сканерленген нұсқасын, төлем шотын және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия қорытындысын алады. 

Министрлік талқылауға шығарған бұйрық жобасындағы негізгі жаңалық бұған дейін алынған емдік шаралардың ақысын біржолғы зейнетақы төлемі арқылы өтеуге рұқсат беру. Ол үшін жинақ иесі өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгініп, алған емдік шаралары туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын беруді өтінеді. 

Егер ем Қазақстан аумағында алынған болса, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме талап етіледі. Ал ем шетелде алынса: ауру тарихынан жазып беру эпикризінің көшірмесі немесе медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт немесе сатушы мен алушы арасында жасалған дәрілік заттарды сатып алуға арналған шарт деректемелерін, шот шет тілінде жасалған жағдайларда нотариат куәландырған аудармасын қоса беру керек. 

Бұл ретте алынған медициналық қызметтер мен сатып алынған дәрілік заттар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Құжатты талқылау 15 шілдеге дейін жалғасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр