Зейнетақы жинағын алу: Ақшаны жөндеу жұмыстары үшін алуға бола ма
"Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева қазақстандықтар пәтерін жөндеу үшін зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеуге алу қарастырылмағанын айтты.
"Өкінішке қарай, ережеде жөндеуге жеке бағыт қарастырылмаған. Егер сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу қажет болса, жөндеу жұмыстарын жүргізе аласыз. Жөндеудің жеке өзіне ақша берілмейді", - деді Рахиля Балтабаева.
Еске сала кетейік, "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.
Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.
"Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алу үшін комиссия алмайды.
Талқылау

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
Алматылық Әсел Исаева есімді ана биыл екі баласын мектепке дайындауға былтырғыдан әлдеқайда көп қаражат жұмсағанын айтады

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
Патологиясы бар қыздар міндетті түрде балалар эндокринологының бақылауында болуы керек