Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы зейнетақы қорындағы жинақтаманы қалай тексеруге болады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың бір бөлігі зейнетақы қорындағы қаражатты алуға болатынын жариялағаннан кейін ондағы жиналған ақшаны тексермекші болған қазақстандықтардың саны күрт артты. Қазір ұйымның орталықтарына бармай-ақ барлық түбіртектерге үйден қол жеткізуге болады. Бұл үшін тек интернет пен компьютер не смартфон болғаны жеткілікті. 

ЕНПФ

Қазақстанда орналасқан "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" кез келген орталығынан (әрі қарай БЖЗҚ) зейнетақы жинақтамасы жайлы ақпаратты алуға болады. Десек те бүгінгі күні бұл қызметті үйден шықпай-ақ пайдалану қарастырылған. Ал пандемия тұсында аталмыш қызметке деген сұраныс артқан. 

Мемлекеттік орындар зейнетақы жинақтамасы туралы ақпаратты алуға электронды қызметті пайдалануға кеңес береді. Айта кетейік, интернет арқылы алынған түбіртек пен ұйымның орталықтарында берілген анықтамадан еш айырмашылығы жоқ.

Сонымен, үйде отырып, зейнетақы жинақтамасы жайлы ақпаратты қалай білуге болады?

1. Сайттағы жеке кабинет арқылы. Егер сіз, enpf.kz сайтында тіркелген болсаңыз, жинақтама жайлы мәліметке оңай қол жеткізе аласыз. Ал егер сіз тіркелмеген болсаңыз, жеке кабинет ашуыңыз қажет. 

БЖЗҚ сайтында сізге телефон нөміріңізді, ЖСН және құжатыңыз жайлы ақпаратты енгізуіңіз қажет. Ал егер сізде ЭЦҚ болса, соны қолданып жеке кабинетке кіруге болады. 

Айта кетейік, мұнда тек соңғы 12 айдың зейнетақы жинақтамасы көрсетіледі. Десек те сіз қосымша ақпарат сұрата аласыз. 

2. Электронды пошта арқылы. Егер сіз БЖЗҚ-да келісімшартта электронды поштаңызды бірге тіркесеңіз, барлық ақпаратты көрсетілген email-ға сұрата аласыз. Алайда алғашында электронды поштаңызды көрсетпесеңіз, онда сізге бөлімшеге жеке басыңызды куәландыратын құжатпен келіп, ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы келісімге отыру керек.

Электронды поштаға зейнетақы жинақтмасы жайлы ақпаратты қалай сұратуға болады: 

  • "ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу"электрондық қызметін таңдау;
  • экрандағы нысанға ЖСН мен электрондық мекенжайын енгізу;
  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.

3. Egov сайты арқылыБұл үшін де сізге ЭЦҚ қажет болады. Сайтта тіркеліп, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" бөліміне кіріңіз. Онлайн сұрау батырмасын басып, жеке мәліметтерді еңгісеңіз. Егер ережелерді дұрыс орындасаңыз, бірер минуттан соң зейнетақы жинақтамасы бойынша ақпаратқа қол жеткізесіз. 

егов

4. Мобильді қосымша арқылы. Бұл үшін сіз БЖЗҚ сайтында тіркелген болуыңыз шарт (cайтқа қалай тіркелу қажет екенін жоғарыда айтып кеттік). Play Market немесе App Store бағдарламалары арқылы "ЕНПФ" деп аталатын, ұйымның ресми логотипі көрсетілген қосымшаны жүктеңіз. Жүктеп алған соң, оған өзіңіз жайлы ақпаратты еңгізіп, жеке кабинетіңізді ашыңыз. Сол жақтан сіздің зейнетақы жинақтамаңызды көре аласыз. 

Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі таңда сайтта немесе мобильді қосымшаның жұмысында ақаулар болуы мүмкін. Бұл қазақстандықтардың жаппай зейнетақы жинақтамасын тексеруіне байланысты. 

Біздің редакциямыз бұл ақпаратты тексергенде бөтен адамдарға сенуге кеңес бермейді. Өзіңіздің жеке деректеріңіз қауіпсіздігін сақтаңыз. 

Талқылау