БЖЗҚ сайты істен шықты: қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жаппай тексеруде
Қазақстандықтар БЖЗҚ сайтына зейнетақы жинақтарын тексеру үшін жаппай кіре бастады. Egov сайтында сұраныстар саны 5 есе өсіп, зейнетақы қоры порталының өзі істен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 қыркүйекте egov порталына сұраныстар саны 11 828-ді құраған. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Ұлттық ақпараттық технологиялар (ҰАТ) компаниясы дерегіне сүйенсек, бір ай бұрын, яғни, 2 тамызда БЖЗҚ-дан үзінді көшірме алу үшін 2 252 адам сайт жұмысына жүгінген екен.
Электрондық үкімет сайтында сұрау салуды өңдеу уақыты орташа есеппен 4-5 сағатты құрайды. Әдетте зейнетақы жинақтары бойынша мәлімет бірнеше минут ішінде беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектегі жолдауында Тоқаев қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін 2021 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін, сондай-ақ емделуге пайдалана алатынын мәлімдеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады