700 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға болатынын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нарықтық жағдайда азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі табыстың болуына және осы міндетті өз бетінше шешу қабілетіне негізделген. Менің тапсырмам аясында халықтың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды, бұл әсіресе қазір өзекті.
2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу, емдеу немесе қаржы компанияларына беру үшін пайдалана алады", - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып тастау туралы тапсырма Тоқаевтың былтырғы жолдауында айтылған. Сол кезде ол үкіметке мәселені 2019 жылдың соңына дейін пысықтауды тапсырған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады