Жарты жылға дейін кезекте: "Ақ жол" партиясы жүргізуші куәлігін алу емтихандарын өзгертуді ұсынды
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру кезегі алты айға дейін созылып отыр. "Ақ жол" фракциясының депутаттары министрлерге жолдаған сауалында азаматтар мен авто мектептердің шағымдарына сүйеніп, емтиханға жазылу кезінде бос орындардың тез таусылатынын және кезекте орын алу үшін делдалдарға жүгінетіндер көбейгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке және ішкі істер министрі Ержан Саденовке жолданған.
Депутаттардың айтуынша, емтиханға жазылуға арналған бос орындар бірден таусылады. Ал олардың кімге және қандай тәртіппен берілетіні азаматтарға түсініксіз. Осы жағдайдың аясында кезекте орын алып беруді ақшаға ұсынатын делдалдар да пайда болған.
Әсіресе практикалық емтихан тапсыру қиын. Депутаттар Астанада агломерацияны қоса алғанда шамамен екі миллион адам тұратынына қарамастан, қалада небәрі бір емтихан автодромы жұмыс істейтінін атап өтті.

"Ақ жол" депутаттары мәселені шешу үшін бірнеше ұсыныс жасады. Атап айтқанда:
- арнайы ХҚКО-лардың жұмыс уақытын 20:00-ге дейін ұзарту;
- аккредиттеуден өткен жекеменшік алаңдар мен автодромдарға емтихан қабылдауға рұқсат беру;
- теориялық емтиханды Ұлттық тестілеу орталығының және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарында өткізу;
- барлық жерде бағалау талаптары мен бейнебақылау жүйесін біріздендіру;
- емтиханға жазылуды тек eGov және eGov Mobile арқылы жүргізу;
- бос орындарды автоматты әрі ашық түрде бөлу арқылы кезек саудасына жол бермеу.
Депутаттардың пікірінше, мұндай шаралар емтихан тапсырудағы ұзын-сонар кезекті қысқартып, жазылу процесін ашық етуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматтарының шетелде ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік жүргізу мүмкіндігі кеңейіп жатқаны туралы жазған едік. Атап айтқанда, қазақстандық жүргізушілерге Дубайда ұлттық куәлікпен көлік жүргізуге рұқсат берілгені хабарланған еді.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады