"Заңсыз кен өндірмек болған": Бестөбедегі қараусыз қалған шахтадан ер адамның денесі табылды
Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұйықтайтын қапшықтағы мәйітті таңертең инспекторлар тауып алған. Ер адамның мәйіті көкжиектен минус 655 метр жердегі жарылғыш затты тасымалдауға арналған вагоның ішінен табылды.
Диспетчер оқиға орнына полиция шақырған.
Марқұм Бестөбе ауылының тұрғыны болып шықты. Ол Бестөбе кенішінің жұмысшысы болмаған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам заңсыз кен өндірмек болған.
Бестөбе алтын кеніші бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан.
Бұған дейін ағымдағы жылдың сәуір айында сол шахтаның "Западная" шахтасының көкжиегінен желішілер 43 жастағы Павлодар облысының тұрғынының денесін тапқан болатын. Степногорск полициясының мәліметінше, ол жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"