Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбек: Тұрсынбек Қабатовты он жылға қамау керек

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты айыптап шықты. Заңгер кінәлі жауапқа тартылу керек деген пікірін жария етті.

“Егер тарап жатқан ақпарат рас болса, Тұрсынбек Қабатовты он жылға қамау керек! Елдің алдында ақыл айтып, кейінгі кезде уағыз айтып жүрген адам мемлекеттің білім грантын алаяқтық жолмен игермекші болғаны үшін қатаң түрде жазалануы керек!

Елдегі жемқорлықты, сыбайластық жойылу керек деп әзілдеп жүріп , өзі білімді қызды сатып алып, қызының орнына кіргізу бұл енді барып тұрған қылмыс!  Заң бәріне ортақ! Тұрсынбектің қызының кінәсі жоқ, себебі ол он сегізге толмаған! Кінә оның ата-анасында, яғни бүкіл отбасы мүшесі үшін жауап беретін отағасында! Елдегі сыбайласқан жемқорлықты ашық түрде айтып, жазалаған кезде жоямыз!

Бұл жерде алаяқтық бабымен қоса жалған құжат жасап, арам жолмен мемлекеттің қаржысын яғни (грантты) жеңіп алып, талан таражға салмақшы болғаны нақты көрініп тұр! Бұл іс жазасыз қалмау керек!”, – деп жазды заңгер желіде

Желі қолданушылары да кінә анықталса, жазалансын деген пікірін жазып жатыр. Қоғам белсендісі ақша үшін ауыр әрекетке барған қыздың тағдырна алаңдаулы. 

“Елдің алдында жүргендер жарнамалады ғой, оларға заң жоқ па?”

Әкімдік, полиция, прокуратураның алдына келіп өздеріңді жағам деп ойбайлап әділдік іздейсіңдер!



“Неғып отырсың заңгерсің ғой, көмек бермейсің бе?” деп ауыр сөз жазасыңдар! Ел алдында жүргендер заң бұзып, оларды жазалау керек деп жазсаң, жата келіп қорғайсыңдар! Ломбард24, Квестра сияқты дүниелерді ел алдында жүргендер жарнамалап халықты қарызға тығып, зар қақсатқан жоқ па? Сол кезде заң қайда, билік қайда деп ойбалағандарыңды ұмыттыңдар ма?

Ел алдында жүрген Тұрсынбек таза, сол Тұрсынбектің қызына көмектескісі келген кішкентай қыз қамалып кете беру керек пе сонда?

Студент қыз оқудан шығарылып, іс тек сол кіріп шыққан қызға қозғалған. Сонда кішкентай қыздың ешкімі жоқ екен деп басына беру керек пе?

Білімді қыз өз білімін пайдаланып ақша тапқысы келген үшін кінәлі болса, Тұрсынбек сол қызды сатып алып мемлекетті алдағаны үшін кінәлі. Кешіресіздер заң бәрімізге ортақ! Он жыл тым көп емес, алаяқтық жасағаны үшін кішкентай қыз жеті жыл арқалап кете беру керек пе? Мені дәл қәзір кіріп шыққан студент қыздың тағдыры мазалап тұр!”, – деді Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, Қабатов қызының орнына ҰБТ тапсыруға өзге қызды кіргізді деген ақпарат тарады. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 

Талқылау