Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов даудың ортасында қалды: белгілі әзілкештің қызының орнына ҰБТ-ға бөтен біреу кіргені рас па?

Белгілі әзілкештің қызының орнына ҰБТ тестін бөтен біреу тапсырған. Бұл жайында заңгер Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұны маған жолдаған жеке өзім танитын "100% сенімді адам" деген заңгер бұл хабарламамен өз парақшасында бөліскен.

Заңгердің айтуынша, Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ тестін С. есімді грантта оқитын студент тапсырған.

"13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың  орнына С. есімді тұлға тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан", – дейді заңгер өз жазбасында.

Сонымен бірге ол тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болғанын айтады.

Абзал Құспан танымал әртістің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинағанын және соған қарамастан қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітіргенін алға тартады.

Заңгер сонымен бірге қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ қыз жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады. Себебі жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр дейді ол. 

Талқылау