Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов: Бала күнімде дәрігерлер менің бір аяғымды кесіп тастамақ болған, әкем рұқсат етпеді

Тұрсынбек Қабатов бала күнінде басынан өткен ауыр жағдайды баяндап берді. Бүгінде марқұм болған әкесінің көзі тірісінде қандай қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов өнерге қалай келгенін айтты. 

"Мен бала күнімде сахнаға шығам деп ойлаған жоқпын. Мен спортшы болам деп ойладым. Мен негізі желаяқ едім. Жақсы жүгіретінмін. Бір күні аттан құлап, аяғымды сындырдым. Сол кезде дәрігерлер аяғымды кесу керек деді. Кеспесе болмайды деп кеңес айтты. Алайда әкем рұқсат еткен жоқ. Аяғын кеспейміз, жазылып кетеді деп тұрып алды. Асқар тау әкемнің арқасында бүгінде екі аяққа тұрған жайым бар. Бүгінгі күнге жеткенім әкемнің арқасы. Мені аяққа тұрғызып, өзі мәңгілік өмірге аттанып кетті. Аллаға шүкір, бүгінде асыл анам бар. Анам бізбен бірге. Соған қуанамын", - деді әзілкеш. 

Желі қолданушылары әзілкешке табыс тілеп, қолдау білдірді.

"Әкеңіздің жаны жәннатта болсын, сіздей азаматтың әкесі тегін адам болмаған шығар", "Өнеріңізге тәнтімін, өрлей беріңіз", "Әкеңіз жақсы таңдау жасапты. Әкеңіздің көмегі сізге өмірлік азық болған екен", "Бақытты болыңыз, анаңыз ауырмасын, амандық тілеймін", - деп жазды олар.


Тұрсынбек Қабатов Мәдина Сәдуақасованың фигурасы туралы айтты


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр