500 теңгелік жаппай сатылым Жаңаөзенде ұзын-сонар кезекке әкелді
Жаңаөзенде тұрмыстық химия заттары мен тауарлардың арзанға сатылуынан адамдар бір-бірін таптап кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
14 тамызда дүкеннің кіреберісінде ондаған адам жиналып, ішке кіруге тырысқаны көрінеді. Әлеуметтік желі пайдаланушылары бұған тегін сыйлықтар немесе үлкен жеңілдіктер себеп болды деп болжады.
Полицияның хабарлауынша, көпшіліктің жиналуына "Тілекқабыл" дүкеніндегі сатылым себеп болған. Тұрмыстық химия заттары мен тұрмыстық тауарлардың бағасы 500-1000 теңгеге дейін төмендетілді.

Сатып алушылардың көптігі мен нашар ұйымдастырушылыққа байланысты кептеліс дүкеннің сыртында болды. Оқиға орнында полиция кезекшілік етті.
Жаңаөзен әкімдігі кәсіпкер жергілікті билік органдарына сатылым туралы алдын ала хабарламағанын мәлімдеді.
"Жаңаөзен әкімдігі Тілекқабыл бизнесінің иесіне мұндай іс-шараларды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін, сондай-ақ болашақта осындай іс-шараларды өткізуге арналған қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді", – деп хабарлады жергілікті билік.
Дүкен иесін жауапкершілікке тарту-таратпау туралы шешімді әкімдік қабылдайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар