Қазақстанда 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі 7 микроқаржы ұйымына тосқауыл қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, микроқаржы ұйымдары заң талаптарын жүйелі түрде бұзып келген. Осыған байланысты 23 қазанда Агенттік жеті Микро қаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырды.

Лицензиясынан айырылған Микро қаржы ұйымдары:
- "MaxMoney" МҚҰ" ЖШС;
- "Microfinance Systems" МҚҰ ЖШС;
- "SurfKaz Finance" МҚҰ" ЖШС;
- "MFO№1" МҚҰ" ЖШС;
- "Умит Финанс" МҚҰ" ЖШС;
- "Вивус" МҚҰ" ЖШС;
- "EL QAZYNA" МҚҰ" ЖШС;
Клиенттердің келісімшарттары мен қарыздары не болады?
Лицензиясынан айырылған микроқаржы ұйымы микрокредит беру қызметін жалғастыра алмайды. Сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымы қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгерте алмайды.
Бұл ретте клиенттердің міндеттемелері сақталады. Өтелмеген микрокредиттері бар қарыз алушылар жасалған шарттардың талаптарын орындауға міндетті және міндеттемелерін бұзғаны үшін жауап береді.
Лицензиясынан айырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұйым микроқаржы қызметін білдіретін сөздер мен белгілерді атауынан алып тастап, қайта тіркеуден өтуі керек. Сондай-ақ ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бірнеше банк пен микроқаржы ұйымына қарызы бар азаматтар мерзімі өткен берешегін бір өтініш арқылы реттей алады. Ол үшін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасы жұмыс істеп тұр. Алайда бұл мүмкіндік барлық қарыз алушыға бірдей берілмейді: өтініш беруші бірнеше талапқа сай болуы керек.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек