Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әскери дрон құлады

дрон

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның оңтүстігінде жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Қарулы күштердің ұшқышсыз ұшу аппараты төтенше жағдайда жерге қонды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2 маусым күні Жамбыл облысының Талас ауданында болған. Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі әскери дрон жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген кезде құлаған.

 Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, жерде ештеңе қирамаған. 

“Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ”, – делінген хабарламада. 

Мәліметке сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппаратының төтенше қонуына техникалық ақау себеп болған. 

Істің мән-жайы мен нақты себебін анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Қазір мамандар дрон құлаған аумақты тексеріп, оның техникалық жағдайын зерттеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан өңірлерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты ұқсас жағдайлар тіркелген еді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы аумағында да белгісіз дронға ұқсас нысан табылып, полиция тексеру бастаған еді. Құзырлы органдар ол жағдай бойынша да нақты қорытындыны бірден жарияламаған. Сондай-ақ кейбір жағдайларда мұндай нысандардың әскери жаттығуларға, техникалық ақауға немесе шекара маңындағы бақылау жүйелеріне қатысы болуы мүмкін екені айтылып келген.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 02 Маусым, 2026 11:56