Құрылысшы дәретханадан тапқан 14,5 миллион теңгені иесіне қайтарды

АҚШ-та құрылысшы дәретханадан ішінде 30 мың доллар болған сөмкені тауып алып, оны заңды иесіне қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nypost.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
3 мамырда Луис Салазар Флорида штатындағы Wawa дүкендер желісінің бірінде дәретханадан белдікке тағатын шағын сөмке тауып алған. Оның ішінде 1 доллардан 100 долларға дейінгі түрлі номиналдағы ақша болған.
Ер адам сөмкенің иесін іздей бастайды. Бір аптадан кейін ол ақшаның иесін табады. Кейінірек сөмке 24 жастағы жігітке тиесілі екені анықталады. Ол қарындасының операциясына қаражат жинау үшін бала кезінен жинаған Pokémon карталары мен ойыншықтарын сатқан. Алайда келісім жасалғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ақша салынған сөмкесін жоғалтып алған.
Осыдан кейін жігіт полицияға жүгінген. Сол жерде оған Луис Салазар тапқан сөмке туралы хабарлаған. Көп ұзамай құрылысшы ақшаны иесіне жеке өзі табыстады.
“14 млн 760 мың теңге – үлкен ақша, әрине. Бірақ ол менікі емес. Мен өз еңбегіммен ақша тапқанды жақсы көремін”, – дейді Салазар.
Сондай-ақ ол ұсынылған сыйақыдан да бас тартқан.
“Мен тек міндетімді орындадым. Ол үшін мені ерекше адам етіп көрсетудің қажеті жоқ”, – деп қорытындылады америкалық.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Оқыңыз