Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда мердігер басшысы осал топтарға арналған тұрғын үйге бөлінген 211 миллион теңгені жымқырған

Көкшетауда мердігер компанияның басшысы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген 211 миллион теңге қаражатты жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен "Айдана-ИК" ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 миллиард теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған.

“Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не 211 миллион теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған.

 Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген. Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған”, – деді ведомство. 

Қазір күдікті мердігер қамауға алынған. 

Stan.kz
Сейсенбі, 02 Маусым, 2026 10:20