Әл-Фараби даңғылында жол апатындағы адамдар өліміне кінәлі 15 айдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін – Адвокат

Адвокат Жохар Өтебеков Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан апатқа қатысты пікір білдірді. Ол белгілі бір жағдайларда кінәлі адам жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл үш айдан кейін босап шыға алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өтебеков өзінің Telegram-арнасында өлімге әкеп соққан апаттарға қатысты істерде тараптардың татуласуы сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндірді. Заң шартты түрде жаза тағайындауға тыйым салмайды, бірақ соттар әдетте мұндай істерде оны тағайындамайды дейді.
Адвокаттың айтуынша, бап жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Алайда сотталушы залалды өтеген, кінәсін мойындаған және ауырлататын мән-жайлар болмаса, соттар көбіне бес жылға жуық жаза тағайындайды.
Өтебеков мұндай істер бойынша сотталғандар әдетте жазаларын түзету колониясында өтейтінін қосты. Сонымен қатар тергеу изоляторында өткізілген бір күн түзету колониясындағы екі күн ретінде есептеледі.
ОқыңызАдвокаттың айтуынша, жаза мерзімінің төрттен бір бөлігін өтегеннен кейін сотталған адам жазаның қалған бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш бере алады. Егер сот бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, бұл жаза шамамен бір жыл үш айдан кейін өтелуі мүмкін.
Жол апаты туралы толығырақ
21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды.
26 наурыз күні депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
“Алматы полициясының жоғары лауазымды қызметкерінің көлік жарысына қатысы бар ма? Әл-Фараби даңғылындағы жарысқа қатысқан қатысушылардың бірі полицей болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл жарыс үш адамның өмірін қиды. Сондықтан бәрін жасырып отыр. Ішкі істер министрлігінен түсініктеме беруін сұраймын”, – деп жазды Мұрат Әбенов.
Ол жариялаған видеода ер адам жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.
Бейресми мәліметтерге сенсек, ішкі істер органдарының қызметкері, полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаевтың қатысы болуы мүмкін. Алайда полиция бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
Артынша, жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы