Павлодарда канистр ұстаған ер адам көпқабатты үйдің кіреберісін өртеп жібермек болды
Павлодарда көпқабатты үйдің кіреберісіне өрт қоймақ болған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол таңертең қолына жанармай құйылған канистрді алып, оны кіреберіске төгіп,өртемек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам канистрдегі сұйықтықты кіреберіс алаңына, тіпті пәтерлердің есіктеріне дейін шашып шыққан. Тіпті өзіне кедергі жасауға тырысқан тұрғындардың бірінің бетіне жанғыш сұйықтықты шашып жіберген. Ер адам жанындағыларды балағаттап, оларға дөрекі сөйлеп, тіпті біріне жұдырық жұмсаған.
Ол өрт қоюға әрекеттенгенде тұрғындар оған кедергі жасаған. Кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, қазір оны полиция іздестіріп жатыр.
“Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Оны ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданады”, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді
