Жезқазғанда балалар түн ортасында ойын алаңын өртеп жіберген
Фото: Видеодан скрин
Жезқазған қаласы Түсіпбеков көшесіндегі үйдің ауласында үш бала ойын алаңын өртеп жіберген. Оқиға 7 шілдеде түнгі сағат 4:00 шамасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш бала түн ортасында көшеден тауып алған жемпірін өртеген. Жалын балалар сырғанағына тарап, нәтижесінде пластикалық жақтау түгел өртеніп, жақын жерде тұрған ағаш орындық та зақымданған.
"Бұл оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтадық. Тергеу қорытындысы бойынша олардың ата-аналары бала тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда өзінен жасы кіші баланы өртеп жібермек болған жасөспірім түрмеден құтылып кеткені туралы жазған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды