Алматыда жеке сот орындаушысы алимент өндіру кезінде 4,2 миллион теңге жымқырған

Алматыда бюджеттен 4,2 миллион теңге жымқырған жеке сот орындаушысы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәліметінше, Алматыда жеке сот орындаушыларының қызметінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған.
“Жеке сот орындаушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен заңсыз түрде 4,2 миллион теңге алған. Бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс деген заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы әділет департаментіне 47 атқарушылық іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдап, сол арқылы ақшалай қаражатты заңсыз алған”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Алмалы аудандық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушы 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін 350 мың қазақстандықтың берешегі жеке сот орындаушылардың қарауына өткені туралы жазған едік.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"
"Түнгі сағат 12-де хабарласады, төмен баға қойылса шу шығарады": Қазақстандық мұғалімдер ата-анадан көрген қысымын айтты
Мұғалімнің сөзінше, ата-аналар мұғалімге хабарласудан еш ыңғайсызданбайды
Оқыңыз