Ұлытау жұрты Меруерт Өтекешоваға сәйгүлік сыйлады

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында өткен “Арқа аруы” республикалық байқауында қазақ киносының аңызы, “Қыз Жібек” фильмі арқылы халықтың жүрегінен орын алған актриса Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кештің құрметті қонағы болған өнер иесіне Жаңаарқа жұрты ел атынан ақ боз ат мінгізді. Сыйды белгілі азамат Аманжол Алтай табыстап, көпшілік актрисаға деген ыстық ықыласын білдірді.
Іс-шараға Жаңаарқадан шыққан азаматтар жиналған. Ішінде Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да бар.
ОқыңызАйта кетейік, Меруерт Өтекешова – қазақ киносы тарихындағы ең жарқын бейнелердің бірін сомдаған тұлға. Оның “Қыз Жібек” фильміндегі рөлі бірнеше буын көрерменнің жүрегінде сақталып, ұлттық кино өнерінің символына айналды.
Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешовамен кездесіп, актрисаға пәтер сыйлағаны хабарланған еді. Сондай-ақ продюсер актрисаға ерекше құрмет көрсетіп, оған тарихи қамзол, эксклюзив зергерлік бұйымдар және уәде еткен тонын табыстады.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы