Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінжан" сериалының жұлдызы Қылышбек тұңғыш ұлынан айырылып қалды

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар
Фото: instagram.com/zhanargul_zhanyamanova

Көпшілікке “Келінжан” телесериалындағы “Қылышбек” рөлі арқылы танылған актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалар тұңғыш ұлынан айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. 

Суыт өнер әлемі өкілдері мен желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Жұрт актер отбасының ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Қайғылы хабарды жеткізу

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл Жаныаманова тұңғыштарының денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезеңі туралы ашық айтқан еді. 2024 жылы “Қызықты weekend” бағдарламасына берген сұхбатында актер алты жыл бойы ұлының дертімен күрескенін, сол сынақ отбасын одан әрі біріктіре түскенін жеткізген. Оның айтуынша, қиын сәтте ерлі-зайыптылар бір-біріне демеу болып, баласының саулығы үшін бар күшін салған. Ал Жанаргүл Жаныаманова бұл жағдай олардың өмірге, отбасыға және бір-бірінің қадіріне деген көзқарасын өзгерткенін айтқан.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 23:12