Алматыда Венеция үлгісіндегі су арнасы, океанариум мен биік мұнарасы бар жаңа демалыс кешені салынады

Алматыда Венеция үлгісіндегі су арнасы, океанариум мен биік бақылау мұнарасы бар жаңа демалыс кешені салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тапсырмасы бойынша Алматыда Almaty Water Garden атты көпфункционалды кешенді жүзеге асыру жоспарлануда. Жаңа нысан Алатау ауданы аумағында, Бауыржан Момышұлы мен Саин көшелерінің аралығында орналасады.
Кешеннің басты ерекшелігі серуендеуге арналған жағалаулары, демалыс аймақтары және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктері бар ұзын су арнасы болмақ. Сондай-ақ жоба аясында саябақ аумағын, фудкортты, концерттер мен фестивальдер өткізуге арналған ашық амфитеатрды, сауда және қызмет көрсету нысандарын салу көзделген.
ОқыңызОтбасылық демалыс үшін балалар орталығы, океанариум және көбелектер музейін салу жоспарланған. Кешеннің сәулеттік негізгі нысаны ретінде бақылау алаңы бар мұнара бой көтереді.
Жобаны іске асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы