ChatGPT қауіпті у мен биоқару жасауға қатысты сұрақтарға нұсқаулық бере бастаған

ChatGPT-тің кей жауаптары қауіпсіздік мәселесін тудырды. жасанды интеллект моделі кейбір қолданушылардың биологиялық қару мен улы заттарға қатысты қауіпті сұрақтарға қадамдық жауаптар берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, тілдік модель кейбір сұрақтарға қадамдық нұсқаулық түрінде жауап берген. OpenAI қызметкерлерінің айтуынша, кей жауаптар биологияны оқып жүрген орта мектеп оқушысы да түсіне алатындай қарапайым тілде жазылған.
Жекелеген жауаптарды талдаған мамандар оларды "нақты қауіпті деңгейде" деп бағалаған.
"OpenAI кейіннен биологиялық қару мен улы заттарды жасау туралы сұрақ қойған қолданушылардың аккаунттарын бұғаттады. Мұндай сұраулар құқық қорғау органдарына хабарлауға себеп болмаған", – деп жазды The Wall Street Journal.
ОқыңызБасылым мәліметінше, 2026 жылдың басында кей қолданушылар ChatGPT-тен патогенді микроорганизмдерді тарату, вирустарды өзгерту және аса улы заттарды жасау тәсілдері туралы ақпарат алуға тырысқан. Кей жағдайларда модель мұндай сұрақтарға жауап берген.
АҚШ-та әзірге жасанды интеллект әзірлеушілерін мұндай сұрауларды шектеуге немесе олар туралы мемлекеттік органдарға хабарлауға міндеттейтін федералдық заң жоқ екені айтылды.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті