Мұсылмандарға ғана арналмаған: Қазақстандағы ислам ипотекасы қалай жұмыс істейді

Отбасы банк исламдық ипотека ұсынуды жоспарлап отыр. Жаңа өнім шариғат талаптарына сай әзірленіп, іске қосу заңнамалық өзгерістер мен банк лицензиясының кеңеюіне байланысты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lsm.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Банк мәліметінше, исламдық қаржыландыруды енгізу бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті өнімдердің тұжырымдамасы әзірленген. Қазіргі уақытта бұл банкинг түрінің тетіктерін қолданыстағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне бейімдеу бойынша сараптамалық және талдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар банк бейінді ұйымдармен және нарық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауда.
Банктің хабарлауынша, исламдық ипотеканы іске қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде клиенттерге шариғат қағидаттарына негізделген базалық өнімдер – ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі жинақ депозиттері ұсынылады.
"Исламдық тұрғын үй қаржыландыруы келесі кезең болады. Оны іске қосу тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданып, банк лицензиясы кеңейтілгеннен кейін мүмкін болады. Бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады қаржы институты.
Болжам бойынша, ипотека тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаттары бойынша жұмыс істейді.
"Оның қатысушылары банктің исламдық жинақ жүйесіндегі салымшылары болады. Сонымен бірге өнім баршаға қолжетімді етіп әзірленеді. Исламдық жинақ шотын ашып, кейін тұрғын үй заемын кез келген адам, діни сеніміне қарамастан, ала алады", – деп толықтырды банк.
ОқыңызБанк атап өткендей, қатысушыларды іріктеуге қатысты арнайы талаптар қарастырылмайды. Клиенттерге банктің төлем қабілеттілікке қатысты стандартты талаптары қолданылады.
"Ипотеканың осы түрі аясындағы өнімдер AAOIFI халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленіп, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мақұлдауынан өтеді", – деді банк өкілдері.
Жаңа өнімнің толық шарттары іске қосылған кезде жарияланады. Оның нақты мерзімі туралы қосымша ақпарат беріледі.
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды