Баланы артынан қуып, көтеріп асфальтқа лақтырған: Таразда жасөспірімнің әрекеті жұртты шошытты

Жамбыл облысында жасөспірімнің балаға жасаған әрекеті видеоға түсіп, желіде қызу талқыланды. Ол өзінен кіші баланы қуып жүріп, көтеріп жерге сілкіп күшпен лақтырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеода көшеде жасаөспірімнің баланы қуғаны көрсетілген. Кейін ол баланы жерге лақтырады. Жерге құлаған бала тас жол бетінде жатып қалған. Ал жасөспірім оқиға орнынан қашып бара жатқаны көрінеді.
Жамбыл облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады.
"Тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық кәмелетке толмағандардың кім екені анықталды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді", – деді ведомство өкілдері.
ОқыңызПолиция мәліметінше, зардап шеккен бала дәрігерлердің қарауынан өтіп, қажетті медициналық көмек алған. Тексеруден кейін ол үйіне жіберілген.
"Құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған баланың ата-аналары кәмелетке толмаған адамның бұзақылық жасауы және баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жасөспірімге қатысты материалдар кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданады. Комиссия заңда көзделген профилактикалық шараларды қабылдайды", – деп хабарлады полиция.
Ведомство кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен мінез-құлқына жауапкершілік олардың заңды өкілдеріне жүктелетінін еске салды.
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды