Алматыда қатарласын аяусыз ұрып, видеосын желіге жүктеге жасөспірім қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жығып, қорлаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Жазба тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода бір топ жасөспірімнің қатарласын ұрып-соғып, балағаттап жатқаны көрінеді. Ал жазбаны әлеуметтік желіге 14 жастағы қыз жариялаған. Құзырлы орган оларды көп ұзамай ұстады. Қазір "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Алдағы уақытта іс сотқа жолданбақ.

Алматы білім басқармасы зардап шеккен оқушыға медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады.
“Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталды. Болған оқиғаның мән-жайы жан-жақты, толық, әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды