Темірлан Анарбеков Мбаппе мен Кейнмен бірге Чемпиондар лигасының символикалық құрамынан орын алды
Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков Еуропаның басты клубтық турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Чемпиондар лигасының символикалық құрамынан орын алды. Ол турнирдің үздік қақпашысы атанып, көрсеткіші бойынша Тибо Куртуадан да жоғары бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақ футболының жас спортшысы Темірлан Анарбеков 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының символикалық құрамына енді. Ол бұл тізімде Килиан Мбаппе, Гарри Кейн, Ламин Ямаль секілді әлем футболының жұлдыздарымен бірге аталды.

FlashScore статистикалық порталының дерегінше, Анарбеков турнирдің үздік қақпашысы деп танылған. Ол алты матчта 34 сейв жасап, орташа есеппен 7,7 ұпайға ие болған.
Айта кетейік, Тибо Куртуаның көрсеткіші – 7,5 ұпай.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі