Жайдарманшы Түркістан күрес федерациясының вице-президенті болды

Танымал актер, жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі мұны өзі үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім деп атады. Ол сондай-ақ көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдірді.
ОқыңызОның айтуынша, келер уақытта күрес спортын кеңінен насихаттап, оның қоғамдағы беделі мен имиджін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Сондай-ақ медиа саласын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық спорттың ақпараттық әлеуетін күшейту басты міндеттердің бірі болмақ.
“Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!” – деп жазды ол.
"30 қызметкерге 19 миллион теңге қарыз": Астанада BITANGA мейрамханасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр
Қызметкер: "Ал Алматыдағы BITANGA қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр"
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды