Ұзын-сонар кезек, жанталас: Алматылықтар жаппай коронавирусқа тест тапсыруда
Алматыда коронавирусқа тест тапсыратын зертханаларда адам саны көбейген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Шаштараздар, даяшылар, аспаздар мен сатушылар қауіпті вирусқа тексерілетін басты адамдар болып табылады. Өйткені олар талдау нәтижесінсіз жұмыс істей алмайды. Мұндай талап қоятын жұмыс берушілердің қатары көп. Содан болуы керек ПЦР сынағын тапсырғысы келетіндердың саны күннен күнге артуда. Олардың көпшілігі орта жастағы ерлер мен әйелдер.
Тест тапсыру жүйесі барынша жеңілдетілген. Ешқандай ауруханаға кірмейсіз, тек құжат тапсырып, арнайы талшықтар арқылы тест тапсырасыз. Бұл адамдардың вирус жұқтыруын болдырмау үшін жасалып жатқан процедура. Дегенмен тест тапсырушылардың қатары өте көп болғандықтан ұзын-сонар кезектер мен кептелістер бар.
"Күніне кемінде екі мың адам тексеруден өтеді. Қазір келушілер көктемнің алғашқы айларынан 28 есе көп. Егер күніне 70 адам келсе, қазір күніне 2000 адам тексеріледі. Адамдардың көпшілігі жұмыс пен виза алу үшін тест тапсырады. Бір компанияда коронавирус жұқтырған бір адам шықса, барлығын тест тапсыруға міндеттеп жатыр", - дейді коронавирусқа арналған мобильді тестілеу орталығының басшылығы.
Еске сала кетейік, Алматыда коронавирусқа тексерілуге ниет білдірушілер саны көбейді. Қазірдің өзінде 160 мыңнан астам ПЦР сынақтары жасалды. Алматыдағы инфекция алты зертханада тексеріледі. Күніне бес жарым мың адамды тексеруге мүмкіндік бар. Әзірге қалада сынақтар жеткілікті. Бірақ қорларды толтыру керек болуы мүмкін.