"Ұятты сөз жазылып тұрды": Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ақтөбелік шенеунік өз әрекетін түсіндірді
Ақтөбедегі қазақ зағиптар қоғамы қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Маңғыстау облысындағы Ыбысты-Сай каньонына жазу жазып кеткен. Ол өз әрекетіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Манас Көшербаев өзінің Facebook-парақшасында бейнехабарлама жүктеп, не себепті мұндай қылық жасағанын айтып берді.
Мәдениет үйі директорының айтуынша, каньон қабырғасында әдепсіз сөз жазылған және ол оны бұрағыш пен балғамен түзетуге шешім қабылдаған.
"Жалғыз ниетім – ұятты сөзді әдемі атқа ауыстыру еді", – дейді Көшербаев.
Ақтөбе тұрғыны ежелгі каньонды бүлдіруге ниеті болмағанын айтып, бәрінен кешірім сұрады.
Осыған дейін Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ер адамның шенеунік болып шыққаны айтылды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар