"Ақтөбелік шенеунік болып шықты": Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ер адам анықталды
Маңғыстау облысындағы көне Ыбықты-Сай шатқалының қабырғасына атын ойып жазған азамат мәдениет саласында жұмыс істейтін ақтөбелік шенеунік болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шенеунікті бейнежазбаны көрген желі қолданушылары танып қойған. Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде бөлісілген оқиғаның бейжазбасының астына Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ресми парақшасы пікір қалдырды.
"Бейнежазбада көрсетілген адам шынымен де бюджеттік ұйымның басшысы болып табылады. Қазір таңда кезекті еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады", – делінген пікірде.
Дәл осы бейнежазбаның астына Маңғыстау облысының полициясы да пікір білдіріп, осы факті бойынша полицейлер тәртіп бұзушының жеке басын анықтап жатқанын хабарлады.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"