"Ұстазы пайда бола бастады": Уәлибек Әбдірайымов ұлының теріс ағымға кіріп кеткенін айтты
Қазақстандық актер Уәлибек Әбдірайымов ұлының теріс ағымға түсіп, өзіне қарсы шыға бастағанын айтты. "Ұстаздан" тәлім алған ұлы әке-шешесіне дінді үйрете бастаған. Алайда дер кезінде тыйылды дейді әкесі.
Бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтылды.
Уәлибек Әбдірайымов ұлының бір кездері теріс ағымға түсіп, ата-анасына қарсы шыға бастағанын айтты. Әлдебір ұстаздан білім алған ұлы дер кезінде ойынан айныған екен.
"Менің ұлым бір кездері намаз оқып, дінге ауа бастады. Ата-анасына қарсы шыға бастады. Анасына орамал тақ, намаз оқы деп жүрді. Біздің кей әрекетіміз дұрыс емес деп қарсы шықты. Ұстазы шақырса, соған қарай көп кететін болды. Бір күні ұстазына жібермей қойдым. "Әкесін тыңдама деп үйрететін қандай ұстаз?" деп ұрыстым. Баланың айтқаны емес, әкенің айтқаны бұйрық деп ескерттім", - деді.
Уәлибек Әбдірайымов: Қайрат Түнтеков бір рет сүрінем деп 40 күн отырып келді
Кейіннен ұлы да, ұстазы да өз діндерінің адасқан ағым екенін ұғына бастапты.
"Ұлым өз қателігін түсінді. Әкеме қарсы шығыппын деп өкінді. Ол кезде ұлым 9-сынып оқитын. Діннің өзі оңай нәрсе емес. Дінді білетін адам айту керек. Бір ғана сақал туралы түрлі нәрсе айтылады. Сонда басқасы қандай маңызды екенін ойлай беріңіз", - деді актер.
Актердің өзі дін туралы көрініс қоям деп, әбден таяқ жегенін айтады. Ескертуден соң дін туралы сахналарды әбден ойланып, ақылдасып қоятын болған.