Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

дзюдо
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан аралас командалық жарыста күміс медаль еншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалда отандастарымыз Жапония құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан аралас командалық бәсекеде екінші орын алды.

Құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова және Меруерт Сәрсенова өнер көрсетті.

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов бүгін Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында еркін күрестен қола жүлдеге ие болды.

74 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуде отандасымыз Үндістан балуаны Сагар Джагланды 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, Нұрқожа Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.

еркін күрес
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Еске салайық, мұның алдында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова да Аичи-Нагоя Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған еді. Екі дзюдошы да жекелей сында финалда Жапония өкілдерінен жеңілді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 03 Қазан, 2026 16:20